Бұл істер бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 3,3 млн теңгені құрады. Істерді қозғауға құқық қорғау органдарының материалдары мен азаматтар мен ұйымдардың өтініштері негіз болды.
2025 жылы сол бап бойынша екі портал иесі мен бес букмекерлік контора — 1xbet.kz, fonbet.kz, winline.kz, pin-up.kz және ubet.kz жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы сол кезде 3,8 млн теңгені құрады.
Комитет мұндай істерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 455-бабының 1-1-бөлігі бойынша қарайды. 2025 жылдың мамыр айының соңынан бастап елдегі букмекерлер мен казинолар кеңейтілген есептілік тапсыруға міндетті.