Үгіт-насихат партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғаннан кейін басталады. Оның тәртібін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27 және 28-баптары реттейді.
Мемлекет азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге кандидаттар мен партияларды қолдап немесе қарсы үгіт-насихат жүргізу құқығын кепілдік береді. Ол БАҚ, онлайн-платформалар, қоғамдық іс-шаралар және материалдар тарату арқылы жүргізіледі.
БАҚ-қа қойылатын шектеулер
Телерадиокомпаниялар үгіт-насихат материалдарын жаңалықтар мен аналитикалық бағдарламаларда орналастыра алмайды. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 1-1-бөлігі бойынша 50 АЕК айыппұл қарастырылған.
Журналистер мен редакция лауазымды адамдары тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі болса, БАҚ-та сайлауды жариялауға құқығы жоқ. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 122-бабының 3-бөлігі бойынша 20 АЕК айыппұл салынады.
БАҚ науқанды мақсаттарын, міндеттерін және іс-шаралар нәтижелерін бұрмаламай, объективті жариялауға міндетті. Кандидаттардың немесе партиялардың абыройы мен қадір-қасиетін түсіретін материалдарды жариялауға тыйым салынады. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша 20-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл қолданылады.
Тең жағдайлар және есептілік
Кандидаттар мен партияларға БАҚ-қа тең қолжетімділік кепілдік беріледі. Егер бір басылым бір партияның материалдарын ақылы негізде орналастыруға келіскен болса, қалғандарына да дәл осындай жағдай жасауға міндетті. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 4 және 6-бөліктері бойынша 20-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Шарттық негізде үгіт-насихат орналастыратын БАҚ пен онлайн-платформалардың пайдаланушылары науқан басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына төлем мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жіберуі тиіс. Материалдарды Орталық сайлау комиссиясы бұл деректерді жариялағаннан кейін ғана орналастыруға болады. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігі бойынша 30-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
Үй-жайлар және материалдар
Жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды тең жағдайда береді. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 123-бабы бойынша 30 АЕК айыппұл салынады.
Үгіт-насихат материалдарында дайындаушы ұйым, баспа орны, таралымы, тапсырыс беруші және төлем көзі туралы мәліметтер болуы тиіс. Оларды Қазақстан шегінен тыс жерде дайындауға, анонимді таратуға немесе ағымдағы науқанға арналмаған материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша 25 АЕК айыппұл қарастырылған.
Иесі келісімімен орналастырылған материалдарды қасақана жою немесе бүлдіру ҚР ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша 15 АЕК айыппұлмен жазаланады.
Бас прокуратура сайлау процесінің барлық қатысушыларын заңнаманы қатаң сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.