Туризм

Катонқарағай ұлттық паркі

Қазақстанның Катонқарағай ұлттық паркі. Катонқарағай — Орталық Азияның бірегей аудандарының бірі, ол Катонқарағай…аумағында орналасқан…

28 қараша 2014 · 18:25·Оқу: 3 мин

Катонқарағай ұлттық паркі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·28 қараша 2014

Қазақстанның Катонқарағай ұлттық паркі Катонқарағай — Орталық Азияның бірегей аудандарының бірі, ол Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының аумағында орналасқан. Парктің жалпы ауданы 643477 га, бұл Қазақстандағы ең ірі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Парк аумағында Алтайдың ең биік тауы — Мұзтау (Белуха, теңіз деңгейінен 4506 м) бар. Мұнда айдыны бір шаршы шақырымға дейін жететін шағын көлдер көп, олардың саны шамамен 400-ге жетеді. Бірегей нысандар да аз емес: Көккөл сарқырамасы — Қазақстандағы ең ірі сарқырама; Арасан сарқырамасы — Рахман қайнарлары курорттық кентінен 6 шақырым төмен орналасқан ең көркем сарқырамалардың бірі; Шортанбалық сарқырамасы мен Мұзтауға баратын жолда орналасқан аттас көл.

Парк флорасы өте алуан түрлі. Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында 4 биіктік табиғи белдеу бөлінеді: нивалдық, тундралық-шалғынды, таулы-орманды және орманды-шалғынды-далалық. Ормандар 34%-ды алып жатыр және негізінен қылқан жапырақты ағаштармен ұсынылған: шырша, балқарағай, май қарағай мен самырсын, қайың мен көктерек, 1346070594_katon-karagayбұталар мен жартылай бұталардың үлкен алуандығы. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің кемінде 1000 түрі өседі. Бұл жерлер саңырауқұлақтарға, «балқарағай жаңғақтарына» және түрлі жидектерге бай: алтай үшқаты, қызыл бүлдірген, көкжидек, сондай-ақ ҚР Қызыл кітабына енгізілген ұсақ жемісті меңіреугүл (клюква). Омыртқалы жануарлар фаунасында шамамен 400 түр бар, олардың ішінде: дөңгелекауыздылар (1 түр), балықтар (15-тен астам), қосмекенділер (3), бауырымен жорғалаушылар (6), құстар (шамамен 280), сүтқоректілер (60-тан астам түр). Қызыл кітаптағылардың ішінде кездеседі: балықтардан — бахтах; ұя салатын құстардан — қара дегелек, дөңмұрын сүңгуір үйрек, балықшы тұйғын, қарақұс, бүркіт, ылашын, сұңқар, алтай ұларшыны, аққұр тырна, үкі; сүтқоректілерден — қар барысы, тас сусары мен алтай тау қойы (арқар). Мұнда шаруашылықтың бірегей саласы — марал өсіру дамыған, бұғы-маралдар құнды фармакологиялық шикізат алу және өсіру үшін арнайы қоршалған аумақтардағы питомниктерде ұсталады.

Пікірлер