80 келіден асатын салмақ категориясындағы бой бар болғаны бір минутқа созылды. Толыбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті.
Жеңіс қазақстандық боксшыны жарыстың финалына шығарды. Вьетнамдық боксшы турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.
19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнир Джакартада 3-16 шілде аралығында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасын 39 боксшы қорғайды.
Бұған дейін Азия жастар чемпионатында Панар Сейтханкызы қола медаль жеңіп алған.