Спорттық жүріс жарысында Токсанбаева 1 сағат 41 минут 26 секунд уақыт көрсетіп, үшінші орынға көтерілді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина бесінші орынды иеленді.
Жеңімпаз болып қытайлық Нин Цзиньлинь 1:38:24 уақытпен мәреге жетті. Күміс оның отандасы Доу Маоцоға — 1:39:01.
Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Күмісті бұған дейін Анастасия Рыпакова жеңіп алған, қола — Максим Балабин.