97 кг салмақ дәрежесінде Ризабек Айтмухан жартылай финалға дейін жетті, бірақ кілемге шыға алмады. Себеп – жарақат.
125 кг салмақ дәрежесінің финалына Едыге Касымбек шықты. Шешуші кездесуде ол поляк палуаны Камиль Томаш Косьчолекпен кездеседі.
16 шілдеде қола медальдар үшін 79 кг дәрежесінде Шамсат Таир мен Нурдаулет Қуанышбай, сондай-ақ 50 кг дәрежесінде Зейнеп Баянова күреседі.
Бұған дейін қазақстандық еркін күрес палуандары Венгриядағы турнирде алты медаль жеңіп алған.