82 кг салмақ дәрежесінде Анапия 13:3 есебімен жеңіске жетті. Финалда оған ирандық Алиреза Мохаммад Хоссейнимен кездесуі тиіс.
60 кг салмақта Алпамыс Болатұлы қола медаль үшін жапондық Юсукэ Хиротаға қарсы күреседі.
Досбол Шамиль (67 кг) үшінші орын үшін үндістандық Ануджбен кездеседі.
Максим Украинцев 97 кг салмақта қытайлық балуан Синью Людан қола медальды тартып алуға таласады.
Бұған дейін қазақстандық балуандар Таиландтағы осы турнирде үш медаль жеңіп алған.