Прокуратураның тексеруі нәтижесінде аймақта әйелдерді жүктілікті жасанды түрде үзу үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүрлегені анықталды, дегенмен бұл қызметтер ОСМС жүйесіне кіреді және сақтандырылғандарға тегін көрсетілуі тиіс.
Үш жыл ішінде мұндай 775 жағдай тіркелген. Негізсіз төлемдердің жалпы сомасы 22 млн теңгені құраған.
Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының ұсынысынан кейін 218 әйелге 7 млн теңге қайтарылды. Қаражатты қайтару жалғасуда.
Қадағалау органы пациенттердің құқықтарын қалпына келтіруді бақылауда ұстап отыр.