Баймағамбетов, Күлжин тракті, Бұхтарма және Рысқұлов даңғылы көшелерінің аралығындағы жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 17,5 км-ді құрайды. Жаңа магистраль БАКАД-пен байланысты қамтамасыз етіп, қала ішіндегі және Алматы агломерациясының елді мекендерімен көлік қолжетімділігін жақсартуы тиіс.
Трасса жеке сектор арқылы өтеді. Мемлекеттік мұқтаждық үшін мәжбүрлеп сатып алуға шамамен 200 жер учаскесі түседі. Әкімдік қаулы қабылдады, ал меншік иелері хабарландыру алды.
«Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту
Жоба «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту аясына кіреді және 2023 жылы бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес келеді. Жаңа полиорталықтарда қоғамдық-іскерлік және тұрғын кластерлер, көлік-ауыстыру тораптары, қоғамдық кеңістіктер және әлеуметтік нысандар орналастыру жоспарлануда.
Әкімдікте қаланың кеңістігі шектеулі болғандықтан, жеке секторды кезең-кезеңімен игеруге басымдық берілетінін атап өтті.