Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департамент басшысы Ерназ Нұрланов бұл деректерді 1 маусымда хабарлады.
Облыс қалаларында 485,9 мың адам тұрады — бұл жалпы халықтың үштен екісіне жуығы. Ауылдық жерлерде 231,1 мың тұрғын тіркелген.
Өңірде әйелдер ерлерден көп. Халықтың 52%-ы әйелдер — 373,1 мың адам. Ерлер 48%-ды құрайды — 343,9 мың.
Алғашқы бес айда ауыл тұрғындарының үлесі сәл төмендеді, ал қала тұрғындарының саны өзгермеді дерлік.