Инспекция деректері бойынша, Шардара су қоймасында қазір 3 млрд 392 млн текше метр су бар. Сырдарияның төменгі ағысына секундына 550 текше метр су жіберілуде.
Коксарай контррегуляторында 23,01 млн текше метр су сақталуда, төменгі ағысқа ағызу жүргізілмейді. Коктөбе гидропосты арқылы Қызылорда облысына секундына 525 текше метр су түсуде. Каналдар арқылы толық көлемде секундына 381,66 текше метр су беріледі.
Инспекция басшысы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, Шардара су қоймасы мен Коксарай контррегуляторының жұмысы тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары Сырдариядағы гидрологиялық жағдайды күн сайын қадағалап отырады.
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберу жоспарлануда.