Жартыжылдық қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,1%-ға өсті. Өңдеуші өнеркәсіп 9,8%-ға, көлік 7,1%-ға, құрылыс 15,2%-ға артты. Негізгі капиталға инвестициялар 9,5 трлн теңгеге жетті, жеке инвестициялар 21,4%-ға өсті.
Ағымдағы жылы өңдеуші секторда 1,7 трлн теңгеге 200 жобаны іске қосып, 17 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Тұрғын үй көлемін 20 млн шаршы метрге жеткізеді. Ауыл шаруашылығында өндіріс 15 трлн теңгені құрады, егіс алқаптары 23,8 млн гектарға дейін кеңейтілді.
Маусымда жылдық инфляция 10,3%-ды құрады. Тиімсіз әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру жылына 800 млрд теңгеден астам қаражат береді.
Жылыту маусымына дайындық
Бес ТЭЦ «қызыл» тәуекел аймағынан шықты, үшеуі «жасыл» аймаққа ауыстырылды. Биыл 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жөнделуде. Бұл мақсаттарға 384 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 12 мың км инженерлік желілер жөнделеді.
Цифрландыру және туризм
«Долина ЦОДов» жобасы аясында әлемдік IT-компаниялармен бірлесіп 250 МВт қуатты инфрақұрылым құрылуда. Шетелдік инвестициялар көлемі 10 млрд доллардан асты.
Алматы тау кластерінде Almaty SuperSki жобасы салынуда: 60 км трасса күніне 10 мың адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Іске қосу 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Президенттің тапсырмалары
Тоқаев үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салу бағдарламасын іске асыруға, денсаулық сақтаудың заманауи мекемелеріне баса назар аудара отырып, кірісуді тапсырды.