Сарайдың холлында құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды. Мемлекет басшысы мен қонақ ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Рота командирі рапорт берді, содан кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе кілем жолмен Қазақстанның Мемлекеттік туына қарай жүрді. Содан кейін тар құрамда кездесу басталды.
2026 жылдың ақпанында президент Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесушілер екіжақты және көпжақты мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады. Сауда-экономикалық және инвестициялық салаларға, оның ішінде транзиттік-көлік байланыстарына, энергетика мен туризмге ерекше назар аударылды.