Ең ірі оқиға Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде болды. Шетелдік азаматтың багажынан 350 мың АҚШ доллары табылды, бұл 170 037 000 теңгені құрайды. Ақша декларацияланбаған.
Анықталған жағдайлар бойынша барлық материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға берілді.
ҚНБ Шекара қызметінде Қазақстан заңнамасы 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын қолма-қол қаражатты белгіленген ережелерді сақтамай әкетуге тыйым салатынын еске салды.
Бұған дейін Жамбыл облысында шекара арқылы 360 мың пачка сигарет өткізуге әрекет жасалған.