Кездесу Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Ииджимының, KEIDANREN жанындағы Жапония — ТМД іскерлік ынтымақтастық комитетінің төрағасы Такеши Хашимотоның, ANA Holdings Inc. вице-президенті Такэсита Ютаканың және басқа бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Қазіргі уақытта тікелей әуе қатынасын ашудың мүмкіндігі пысықталуда, бұл туризмнің, сауданың, инвестициялардың және іскерлік байланыстардың өсуіне ықпал етуі тиіс.
Бөлек виза режимі және рейстерді іске қосу үшін қажетті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.