Педро Варгас Давид Қазақстанға үнемі 13–14 жылдан бері келіп тұратынын және әр жолы елдің дамуын байқайтынын атап өтті. Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті дұрыс бағытта басқарып отыр, ал инфрақұрылым, жасанды интеллект және цифрландыру саласында прогресс байқалады.
Ол сондай-ақ Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, мұны маңызды оқиға және демократияландыру жолындағы қадам деп атады.
Euronews енді қазақ тілін қоса алғанда 20 тілде хабар таратады. Бұрын көрермендер ағылшын, француз, неміс, орыс, португал және басқа тілдердегі контентті көретін. Енді Еуропалық Одақ елдерінің және басқа мемлекеттердің тұрғындары жаңалықтарды қазақ тілінде де ала алады.
Варгас Давид қазақ тілінде хабар таратудың басталуы – дұрыс қадам екенін, ал тілдің өзі азиялық тілдерге ғана емес, еуропалық тілдерге де жататынын атап көрсетті.