Экономика

Павлодар қаласында бизнес үшін электр энергиясының тарифі шілдеден бастап өседі

Шілдеден бастап Павлодар қаласында бюджеттік ұйымдар мен бизнес үшін электр энергиясының тарифі өзгереді, деп Павлодар облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратов хабарлады.

29 маусым 2026 · 15:24·Оқу: 1 мин

Павлодар қаласында бизнес үшін электр энергиясының тарифі шілдеден бастап өседі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·29 маусым 2026

Өзгеріс жеке тұлғаларға әсер етпейді. Олар үшін электр энергиясының бағасы бұрынғыдай қалады.

Бюджеттік ұйымдар үшін тариф 3,08 пайызға өседі. Қалған тұтынушылар үшін өсім 13,55 пайызды құрайды.

Халық пен бизнес үшін жылу энергиясының тарифі өзгермейді. Бюджеттік мекемелер жылу үшін 10,7 пайызға көбірек төлейді.

Павлодар қаласында жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифін соңғы рет 2025 жылдың тамыз айында көтерген.

Пікірлер