Азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде мамырдағы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді. Өнімдердің айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың маусым айындағы көрсеткіштен төмен.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының динамикасы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі маусым қорытындысы бойынша 0,4%-ды құрады. Негізгі үлес маусымдық жаңа өнімнің түсуіне байланысты жеміс-жидек және көкөніс өнімдеріне тиесілі болды. Шілде басынан бастап индекс 0,1%-ға төмендеді. Қияр бағасы 14,5%-ға, қызанақ 12,3%-ға, сәбіз 2%-ға, алма 0,2%-ға арзандады.
Ет жағдайы
Маусымда қой етінің бағасы тек Жетісу, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында өскен. Бес айда қой етінің экспорты екі есеге жуық өсіп, 10,6 мың тоннаны құрады. Қаңтар–мамыр аралығында жылқы етінің экспорты 113 тоннаны құрады.
Үкімет импорттық етті тек қайта өңдеу кәсіпорындары мен HoReCa секторына жеткізуді қарастырып отыр, бұл отандық өнімді ішкі нарыққа сақтау мақсатында жасалып отыр.
Жыл басынан бергі қорытындылар және шаралар
8 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы жыл басынан бері 1,9%-ға өскен. Бұл өткен жылғы қарқыннан төрт еседен астам төмен.
Өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің санын арттыру тапсырылды. Жыл басынан бері 4149 жәрмеңке өткізілген, жаздың соңына дейін тағы кемінде 1500 жәрмеңке ұйымдастыру жоспарлануда. Әлеуметтік нан өндіру үшін арзандатылған астық жеткізу Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы жалғасуда. Бұл мақсатқа 1 млрд теңге бөлінген, бірқатар өңірлер келісімшарт жасасқан.