Құжат 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында жасалды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, келісім тауар позицияларының 85 пайызынан астамы бойынша импорттық кедендік баждарды алып тастайды.
Келісімге саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық және ішкі нарықты қорғау мәселелері де енді. Баждарды алып тастау өтпелі кезеңдер ішінде біртіндеп жүзеге асырылады.
Жаңа шарттар қазақстандық кәсіпкерлерге БАӘ нарығына белсендірек шығуға және өзара сауда көлемін арттыруға көмектесуі тиіс.