2026 жылдың басына қарай Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен 46 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Тағы 21 жобаның іске асырылуы жалғасуда. Жоспарланған 717 км-дің 502 км-і қайта құрылды.
Ислам даму банкінің қолдауымен тоғыз жоба жүргізілуде. Олардың аясында жоспарланған 635 км-дің шамамен 600 км каналы қалпына келтірілді.
Ағымдағы жылдағы жаңа жұмыстар
«Климаттық тұрақты су ресурстарын дамыту» жобасы аясында ирригациялық каналдарды қайта құрудың 88 жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Елдің оңтүстік өңірлерінде 968 км ұзындықтағы 103 ирригациялық каналдың автоматтандырылуы басталды. Бұл каналдар 65 мың гектар суармалы жерді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 1184 км болатын бұрын қайта құрылған 270 канал автоматтандырылуда. Автоматтандыру элементтері және судың заманауи есепке алу жүйелері қарастырылған 264 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
К. Сатпаев атындағы каналды жаңғырту
Жол картасы бойынша нысанда 19 сорғы агрегатын және 17 трансформаторды ауыстыру жоспарлануда. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов хабарлады.