Экономика

Банк ЦентрКредит QR-төлемдерін Қазақстанның барлық банктеріне қосты

19 шілдеден бастап Банк ЦентрКредит клиенттері QR-төлемдерін және телефон нөмірі арқылы аударымдарды елдің кез келген банкімен жүргізе алады.

17 шілде 2026 · 10:08·Оқу: 1 мин

Банк ЦентрКредит QR-төлемдерін Қазақстанның барлық банктеріне қосты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 шілде 2026

Банк ЦентрКредит межбанктік QR-төлемдер сервисінің кеңейтілгені туралы хабарлады. Енді оған Қазақстанның барлық банктері қосылды.

Жаңарту ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастап жұмыс істей бастады. Сервис әртүрлі қаржы ұйымдары арасында телефон нөмірі арқылы төлемдер мен аударымдар жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлер